Асылжан Мамытбеков журналистерге асыл тұқымды бұқаларды сипап көруге кеңес берді | Ангус Казахстана

сан (4)

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков асыл тұқымды малдың ерекшелігін аталықтарының жуастығымен түсіндіріп берді.

Аймақтағы журналистер “Ангус” малдарын өсіретін шаруа қожалықтарының жанындағы ауыл проблемасын айтқан болатын.

“Ангус” сиырларын неге қымбат аласыздар? Олардың құны қанша? Мәселен, аталған тұқымдағы сиырлар Қопа ауылындағы барлық шөпті жеп бітірді”, – деген журналистер қорада тұруы керек сиырлардың жайылымдарды ластап жатқанын айтқан болатын.

Министр бұл сұраққа басқаша жауап берді.

“Ангус” 350 жылдық тарихы бар тұқым. 350 жыл ішінде адамға еш зияны болмаған. 500-600 келілік қазақы бұқаларды ұстай алмайсың. Ал, мың келілік асыл тұқымды бұқаларды сипасаңыз, еш қарсылық туғызбайды. Олар жуас”,- деді Асылжан Мамытбеков.

2015 жылы Ақтөбеде “Сыбаға” бағдарламасы шеңберінде 4,5 мың ірі қара мал басы алынған болатын. Тұқымдық түрлендіруге 44 пайыз аналық ірі қара мал басы тартылған.

Дереккөз: NUR.KZ